Петропавлда 5 жастағы бала қонақүй терезесінен құлап кетті

Петропавлда қонақүй терезесінен құлаған 5 жасар баланың жағдайы өте ауыр. Басқа қаладан келген отбасы уақытша тоқтаған қонақүйде қайғылы оқиға орын алды. Бүлдіршін екінші қабаттан құлап, ауыр жарақатпен жансақтау бөліміне түсті. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, баланың бас миы шайқалып, денесіне қатты зақым келген. Қазір дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр. Полиция бұл дерек бойынша тексеріс бастады. Айта кетейік, бұл жыл басынан бері өңірде тіркелген балалардың терезеден құлауына қатысты оныншы дерек.
ГҮЛНӘР ҚАЛИЕВА, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— Баланың бас миы шайқалуы тіркелді. Сонымен қатар оң жақ жамбасы, тізесі және өкшесі қатты жарақат алғандықтан, қазіргі кезде төсекке таңулы жатыр. Жағдайы өте ауыр. Қажеттілік туындап жатса, толықтай хирургиялық көмек көрсетіледі. Әзірге ешқандай ота жасалған жоқ.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал