Құмар ойынды жарнамалаған тағы бір блогерге халықаралық іздеу жарияланды

Құмар ойын ойнаған азар. Тағы бір блогер халықаралық іздеуге ілікті. Күдікті Қазақстандағы танымал инфлюенсерлерді тізгіндеп, жарнама таратумен айналысқан. Тіпті бұл жұмысқа. 35-тен астам блогерді, соның ішінде Қайсар Қамзаны да тартып үлгеріпті. Сілтемеге кірген әрбір адам үшін ақша санап алған олардың бұл бизнесі ұзаққа бармады. Айтпақшы, осы сыбайластықпен жүрген Қайсар Қамза 6 тамызда Вьетнамнан тікелей Қазақстанға экстрадицияланды. Қазір заң алдында жауап беріп жатыр.
ЕРНАР ТАЙЖАН – ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Қаржылық мониторинг агенттігі Өзбекстан Республикасының азаматы, 2000 жылғы 19 ақпанда туған, «Маха.dxb» бүркеншік атымен танымал блогер Махмуд Умидович Хикматовқа халықаралық іздеу жариялады. Сот оны қамауда ұстауға санкция берді. Ол «SultanGames», «PINCO», «Nomadcasino», «Pin-Up», «Vavada» және басқа да заңсыз интернет-казиноларды жарнамалап, насихаттады деген күдікке ілінді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал