Дәрі-дәрмек қоймаларын енді «СҚ-Фармация» өзі салады. Қазір компания медициналық ұйымдарға қажет препараттар мен бұйымдарды сақтау және жеткізу үшін жеке логистикалық операторларға тәуелді. Себебі өзінің қоймалары жоқ. Бұл мәселені шешу үшін Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Абай облысында алты заманауи дәрілік хаб бой көтереді. Алғашқы логистикалық орталық Ақтөбеде салынады. Нысанды 2027 жылы пайдалануға беру жоспарланған. Қазір жоба бойынша жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп жатыр.
АЙЖҰЛДЫЗ АЙТҚАЛИЕВА, «СҚ-ФАРМАЦИЯ» ЖШС БАСҚАРМА БАС МЕНЕДЖЕРІ:
— «СҚ-Фармацияның» өз хабтарын салу дәрілік заттарды жеткізу және оларды сақтаудың тиімділігін арттыруға, үшінші тараптағы логистикалық операторлардан біздің тәуелділігімізді азайтуға және еліміздің дәрілік қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.