Құрылтай сайлауында қай жерде дауыс беретініңізді онлайн тексеруге болады

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауында қай жерде дауыс беретініңізді енді үйден шықпай-ақ білуге болады. Сайлау учаскесінің нөмірі мен мекенжайын тексеруге арналған жаңа сервис eGov Mobile мен Gov.kz порталында іске қосылды. Ол үшін қосымшаға кіріп, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінен «Құрылтай-2026» белгішесін таңдау керек. Жүйе тіркелген учаскеңіздің нақты мекенжайын бірден көрсетеді. Учаскеңізді жеке сәйкестендіру нөмірі арқылы арнайы сайлау ресурстарынан да тексеруге болады. Бұдан бөлек, қосымшада сайлауға дейін қалған күндерді санайтын таймер, маңызды жаңалықтар және жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар бар.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал