Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары Бұқтырма су қоймасының жағалауында скутерлер мен катерлердің қауіпті маневр жасауына алаңдаулы. Шағын көлемді кемелердің қозғалысын ретке келтіру үшін ТЖД қызметкерлері Бұқтырма су айдынын күн сайын патрульдеуге мәжбүр. Патруль қызметкерлерінің айтуынша, катер иелері су көлігін басқару ережелерін елемей, жоғары жылдамдықпен шомылуға арналған аймақтарға жиі кіріп кетеді. Ереже бұзғандардың жүзу құралдары жағаға сүйреп жеткізіледі. Тек шілде айының өзінде 40-тан астам жүргізушіге айыппұл салынған. Ал өткен жылы елімізде су көлігіне байланысты 9 қайғылы жағдай тіркелген.
ИСХАР САВАЗОВ, ТЖД БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Негізі шағын көлемді кемелерді пайдалану және жаппай демалысты ұйымдастыру кезінде қауіпсіздікті сақтамайды. Бірінші мәселе – құтқару кеудешелерін бермей кемені жалға беру. Екіншісі – шағын жүзу көлігінің борттық нөмірі жоғы былай тұрсын, су көлігін басқару құқығының болмайтыны да жасырын емес.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.