Алматы облысында 20 мыңнан астам адам сенбілікке шықты. Ауқымды тазалық жұмыстары «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылды. Бір күннің ішінде өңірде 282 гектар аумақ тазартылып, 500 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Шарапаты мол шараға жастар, еріктілер, белсенділер, кәсіпкерлер мен мемлекеттік орган өкілдері қатысты. Жалпы, жыл басынан бері аймақта 25 сенбілік ұйымдастырылып, 13 мың тоннадан астам қоқыс жиналған. Осының арқасында 8 мыңға жуық гектар аумақ қалыпқа келтірілді.
САНЖАР СҰЛТАН, ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ:
— Жастар ресурстық орталығынан әр сенбілікке 20-30 волонтер шығады. Бұл бір реттік акция емес. Апта сайын жиналып, қаламыздың тазалығына үлес қосып келеміз. Осындай акциялар жастарды тазалыққа тәрбиелеп, туған қаламызды таза ұстауға үйретеді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.