Студенттер арасындағы шахмат чемпионатында Қазақстан құрамасы қола жүлдегер атанды

Алматыда өткен студенттер арасындағы тұңғыш шахмат чемпионатында Қазақстан құрамасы қола жүлдегер атанды. Әлемнің 49 елінен келген университет командалары бақ сынаған бәсекеде отандастарымыз жүлделі үшінші орын үшін таласты. Тартысты өткен матчта Қазақ ұлттық спорт университеті мен АҚШ-тың University of Texas at Dallas командасы кездесті.Негізгі кезең тең аяқталып, жеңімпаз тек тай-брейкте анықталды. Ең шешуші «Армагеддон» партиясында айысқан Қазыбек Нөгербек қарсыласын тізе бүктіріп, ел құрамасына қола медаль сыйлады. Тарихта алғаш рет ұйымдастырылған бұл дүниежүзілік додада Ресейдің Орал мемлекеттік тау-кен университетінің командасы чемпион атанып, алтын жүлдені иеленді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал