185 миллион қаралым. 4 миллион доллар жүлде қоры. Астанада «Болашақ ойындары» өз мәресіне жетті. Елордамызда өткен ауқымды халықаралық турнир әлемдік деңгейдегі рекордпен аяқталды. Киберспорт пен дәстүрлі спортты ұштастырған бәсеке 16 тілде көрсетілді. Бұл турнир Қазақстанға киберспорт, инженерия, ІТ және логистика салаларында баға жетпес халықаралық тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берді. Жарыстың ең қуанышты сәтінің бірі — отандық Team KZ командасының табысы. Жігіттер Phygital Shooter CS 2 дисциплинасы бойынша қарсыластарын артта қалдырып топ жарды. 50 мың доллар сыйақыға ие болды.
АҚТӨРЕ БАРЛЫБАЕВ, «ҚАЗСПОРТИНВЕСТ» АҚ ЖОБАНЫ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
— Қазақстаннан 11 команда қатысты. Олар спорттың барлық түрінен бақ сынады. Әсіресе Counter-Strike 2 ойынында үлкен жетістікке жеттік. Фиджитал ойындар – цифрлық және физикалық спорт түрін біріктіретін бағыт. Шын мәнінде, бұл – енді ғана қалыптасып келе жатқан спорт түрі. Биыл бұл жарыс үшінші рет ұйымдастырылып отыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.