ТЕРЕЗЕДЕН ҚҰЛАДЫ
Петропавлдағы қайғылы жағдай. Астанадан барған 5 жастағы бала қонақүй терезесінен құлап кетті. Ауыр жарақат алған бүлдіршін жансақтау бөлімінде жатыр. Салғырттық танытқан кім?
АҚША ДА , АРМАН ДА КҮЙДІ
Чемоданын сүйреп, ұшақ күтетін ел тағы тақырға отырды. 80-ге жуық ақтөбелік туристік фирмаға ақшасын санап берген. Қазір кеңсе де жоқ, басшысы да із-түзсіз. Сағы сынған жұрт тілшімізден араша сұрады.
ГРАНТ КІМГЕ БҰЙЫРМАДЫ?
Білім грантын бөлу нәтижесі неге көпшілікке түсініксіз? Жақсы нәтиже көрсеткен талапкердің өзі тегін оқудан тыс қалған. Бұл жағдайға не себеп? Грант қандай қағидатпен бөлінді?
ДӘРІЛІК ХАБ
Дәріні енді кім сақтайды? Шипа болатын дәрмек қоймасы енді жекеге берілмейді. Еліміздің бірнеше өңірінде заманауи дәрілік хаб салынып жатыр. Бұл дәрі-дәрмек бағасына әсер ете ме?
АБАЙ КҮНІ
Абай армандаған қоғам мен жаңа реформа. Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Абай күнімен құттықтады. Ал туған жері Семейде қолтаңбасы бар құжат пен жәдігер көпшілікке көрсетілді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.