Астана – Петропавл жолындағы апаттан германиялық саяхатшылар қаза тапты

Рөлде бір сәт қалғу он адамның тағдырын тас-талқан етті. Астана – Петропавл жолындағы апаттан Германиядан келген саяхатшылар қаза тапты. Тоғыз жастағы қызы жарақаттанған. Алдыңғы орындықта қысылып қалған жолаушыны құтқарушылар көліктен алып шықты. Mercedes-Benz Sprinter және ГАЗ-53 көлігі соқтығысты. Шағын автобус жүргізушісі рөлде ұйықтап кеткен. Полиция тергеу жүргізіп жатыр. Жүргізушісі қамалды.
АЗАМАТ БАЙҒАЗИН, ОБЛЫСТЫҚ ПДБ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Жол-көлік оқиғасы салдарынан Mercedes-Benz Sprinter автокөлігінің екі жолаушысы көз жұмды, осы көліктің тағы 7 жолаушысы және ГАЗ-53 автокөлігінің бір жолаушысы әртүрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал