Жолда осындай оқиғалар жиілеген соң Ішкі істер министрлігі ел жүргізушілеріне үндеу жариялады. Елімізде цифрлық технологиямен жол қозғалысын бақылау күшейтілді. Көкте дрон-тыңшы. Трассадағы қатаң бақылау. Көліктегі мобильді кешен. Тіпті жолды қолдан тарылтуға көшкен. Ондағысы жол қауіпсіздігі. Өйткені телефонға үңіліп, қалғып кететіндер апатқа ұшырап жатыр. Тіпті кейбірі жылдамдықты елемей ұсталған.
БАҒЛАНБЕК АЙТПАЕВ, ІІМ ӘП КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Мәселен, ұшқышсыз ұшу аппараттары жол қозғалысын әуеден бақылайды. Олар жылдамдықты асырған және жол жүрісінің қағидаларын өрескел бұзған жүргізушілерді тіркейді. Ең бастысы, дрондар құқық бұзушылықтарға жедел ден қоюға және жол көлік оқиғаларын алдын алуға көмектеседі.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.