Жалған зорлық туралы арыз жазған әйел жауапқа тартылды

Жалған куәлік еткен 21 жастағы петропавлдық тұрғын 5 жылға сотталды. Ол мені төрт жігіт күштеп ұстады, зорлық көрсетті деп полицияға шағым түсірген. Алайда іс басталғанда айтқанынан айнып, жігіттерден 1,5 миллион теңге ақша алып, арызын қайтарып алмақ болды. Прокурорлардың араласуымен оның көрінеу жалған айтқаны дәлелденіп, өзі жәбірленуші емес, қылмыскер болып шыға келді. Рақымшылықпен жазасы 3 жыл 4 ай шартты мерзімге қысқартылды.
ЕРЛАН ЖАМҰЛДИНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:
— Бұл – ауыр қылмыс. Сондықтан жаза мерзімінің үштен бір бөлігі ғана қысқартылды. Судья істі болмағанын ескерді. Әрі сотталушы кінәсін мойындады. Осылардың бәрі назарға алынып, ол жазасын шартты түрде өтейді. Егер болашақта пробациялық бақылау талаптарын бұзылса, әйел түрмеге қамалады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал