ШҚО-да еңбек шартын сақтамаған кәсіпкерлер анықталды

Конверттегі жалақы. Құжатсыз жұмысқа жегілген бала. Шығыс Қазақстан облысындағы дәмхана, сауда орнында заң бұзу дерегі анықталды. Прокурорлар қолынан айырылған жасөспірім ісінен кейін жаппай тексеріп жатыр. Жасөспірім құрылыс материалын шығаратын зауытта жұмыс істеген. Келісімшарт жасалмаған. Еңбек қауіпсіздігі түсіндірілмеген. Жұмыс уақыты есепке алынбаған. Оңын-солын танып білмеген бала зауыттан мүгедек болып шықты. Осындай 25 кәсіпкер анықталды. Олар айлықты «конвертпен» берген. Салық пен әлеуметтік міндетті аударым жасалмаған. Заң бұзған кәсіпкерлерге 300 мыңнан 800 мың теңгеге дейін әкімшілік айыппұл салынады.
БАҚЫТЖАН ЕРБОЛ, ЖАСТАР САЯСАТЫ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС МҮШЕСІ
— Біздің мақсатымыз – кәмелетке толмаған жастардың өз құқықтарын білуін қамтамасыз ету, сонымен қатар жұмыс берушілердің заң талабын қатаң сақтауын қадағалау. Өйткені жастардың қауіпсіздігі әрқашан бірінші орында. Сондықтан осындай үлкен іс-шараны өткізіп жатырмыз.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал