Қызылордада қайтарылған актив есебінен жаңа емхана бой көтереді

Қызылордадағы 36 мың тұрғыны бар Титов шағын ауданының жұрты жарты ғасырдан астам уақыт тар ғимаратта ем қабылдауға мәжбүр болды. Бұл мәселені шешу үшін қайтарылған актив есебінен 6,5 миллиард теңге бөлінді. Жыл соңына дейін қазіргіден 6 есе үлкен жаңа емхана пайдалануға берілмек. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Динара Сарманованың айтуынша, құрылыс жұмыстары белгіленген мерзімде толық аяқталады. Жаңа медициналық нысан 128 кескінді тамограф, эксперт кластағы Ультра дыбыстық зерттеу аппараты, рентген және заманауи зертханалық құрылғымен жабдықталады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал