СҚО-да жергілікті кәсіпкерлер Бескөл ауылындағы демалыс орнын жаңартты

Солтүстік Қазақстан облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына жергілікті кәсіпкерлерде үн қоса бастады. Мәселен, Бескөл ауылындағы әбден ескірген гүлзарды ісін дөңгелетіп отырған азаматар жаңғыртып, қайтадан абаттандырды. Туған елін түлетемін деген жандар 150 миллион теңге шамасында қаржы жұмсаған. Жұмыс маусым айында басталып, бүгінде толығымен аяқталды. 400 шаршы метр болатын ескі тас төсеніш бұзылып, аумақ екі жарым есе ұлғайтылды. Демалыс орнына шойыннан жасалған орындық, жарықшам орнатылып, өсімдік егілді. «Қазір бұл жер Бескөлдіктердің сүйікті орнына айналды», — дейді ауыл тұрғындары.
ШОЛПАН АСАЕВА, БЕСКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
— Бұл жерде бұрын ештеңе болған жоқ. Құдайға шүкір, қазір бәрі жақсы. Бескөл ауылымыз әдемі болып келе жатыр. Мен осы жерге жиі келемін.
АЗАТ ЗАЛЯЕВ, КӘСІПКЕР:
— «Таза Қазақстан», «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі», «100 игі іс» жобалары аясында туған жеріміздің өркендеуіне өз үлесімізді қосайық деп шештік. Осылайша, серіктесім екеуміз әкімдікке барып идеямыз ұсындық. Олар осы орынды белгіледі. Артынша дизайнерлеріміз жоба әзірлеп, жұмысты бастап кеттік.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал