Канье Уэст Алматыға отбасы және жақындарымен бірге келеді

Алматыда әлемге танымал америкалық рэпер Канье Уэстің концертіне қызу дайындық жүріп жатыр. Орталық стадионда алтыншы күн қатарынан монтаж жұмыстары жүргізілуде. Мұнда алып сахна, техникалық мұнара мен ондаған жұмыс аймағы бар. 160 маман жұмылдырылған. Тағы 80 адам грим және киім ауыстыратын бөлмені дайындап, әртістің райдерінде көрсетілген талапты орындап жатыр. Қазір қажет жабдықтардың жартысы ғана алаңға жеткізілген. Жақын күндері мұнда тағы сегіз жүк көлігі арнайы жабдықпен келеді. Канье Уэст концертке отбасы және жақындарымен бірге келмек.
АЛЬФИЯ НҰРҒҰМАРОВА, «FIRST MEDIA GROUP» АГЕНТТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
— Бізге алдын ала тізім жіберілді. Оның жұбайы да, жұбайының бауырлары да келеді деп түсіндік. Сондай-ақ қызы да келеді деп күтіп отырмыз. Егер ол концертке қатысса, анасы мен қызынан бірлескен перформанс болады деп ойлаймыз.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал