Алтын-Емелде «жаңа тұрғын». Қызыл кітапқа енген 34 ителгі ұлттық паркке жіберілді. Тағы елуін жерсіндірмек. Сирек кездесетін құсты енді суреттен емес, табиғаттан көру мүмкіндігі бар. GPS-трекер орнатылып, парк аумағына 10 фототұзақ қойылған. Бүгінде мұнда қар барысының саны 20-ға, қарақұйрық 5 500-ге, ал құлан 3 500-ге жуықтаған. Мамандар сирек кездесетін жануарларды көбейтіп қана қоймай, оларды тарихи мекендеріне қайта жіберу жұмыстарын да жүргізіп жатыр.
ӘСЕТ ӘЛІМБЕКОВ, «АЛТЫН-ЕМЕЛ» ПАРКІНІҢ АҒА ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
— Жіберілген құстар ұя салып, балапан басса, олар табиғи ортаға бейімделеді. Кейін көші-қон кезінде басқа жылы аймақтарға ұшып кеткенімен, келесі жылы туған мекеніне қайта оралуы мүмкін. Екі жылдан кейін жұмыртқалап, өз кезегінде ителгі популяциясының көбеюіне ықпал етеді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.