ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ҮНДЕУ
Рөлдегі ұйқы он адамның тағдырын талқан етті. Астана – Петропавл тасжолындағы ауыр апаттан кейін Ішкі істер министрлігі жүргізушілерге үндеу жариялады. Көктегі дрон мен цифрлық бақылау қауіптің алдын ала ма?
РЕЙД БАСТАЛДЫ
Конверттегі жалақы. Құжатсыз жұмысқа жегілген бала. Шығыс Қазақстан облысындағы дәмхана, сауда орнында заң бұзу дерегі анықталды. Құқығы тапталған жасөспірімге қандай көмек көрсетілді?
НҰРАЙ ІСІ
Күдіктінің ақыл-есі дұрыс. Есін толық біледі. Шымкенттегі Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс аяқталуға жақын. Сараптама жүргізген психолог пен психиатр талдау нәтижелерімен бөлісті. Енді іс қалай жалғасады?
РОБОТ ЖӘРДЕМАҚЫ БЕРЕДІ
Жасанды интеллект жәрдемақы тағайындайды. Енді мерекелік төлем мен көмекті адам емес, жасанды интеллект алдын ала анықтап, тізімін жасайды. Бұл өзгеріс кімге қатысты және жүйе қалай жұмыс істейді?
30 ИТЕЛГІ ЖІБЕРІЛДІ
Алтынемелде «жаңа тұрғын». Қызыл кітапқа енген 30 ителгі ұлттық паркке жіберілді. Сирек кездесетін құсты енді суреттен емес, табиғаттан көру мүмкіндігі бар. Санитар құстың саны көбейтілмек.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.