Алматыда жолдағы жанжал қылмыстық іске ұласты

Алматыда жолдағы жанжал қылмыстық іске ұласты. Оқиға Сейфуллин даңғылында болған. Мына кадрдан ROX көлігінің жүргізушісі жол бермеген көлікті қуып жетіп, оның жүргізушісін ұрғанын көруге болады. Соққыдан жәбірленуші есінен танып, ауруханаға жеткізілген. Полиция күдіктіні тез анықтап, ұстады. Қазір ол тергеу изоляторында отыр. Жолдағы жанжалдан зардап шеккен ер адам іс бойынша жәбірленуші деп танылды. «Оның өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ», — деді полиция өкілі. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, оған «Бұзақылық» бабы бойынша айыппұл салынуы мүмкін немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:
— Аталмыш дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті бірден ұсталып, анықталып, уақытша қамау изоляторына қамалды. Оның іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі. Осындай заңға қайшы іс-әрекеттерге жол беретін азаматтар міндетті түрде жауапкершіліктен құтылмайды. Мұндай деректер полицияның назарынан тыс қалмайды. Оны ресми түрде ескертеміз.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал