Ақмолада өрт қаупі жоғары: Бурабайдағы бірқатар нысан уақытша жабылды

Ақмола облысында өрт қаупі әлі де жоғары. Соңғы аптадағы аптап ыстықтан өңірде өрт жиілеген. Кеше ғана үш орман өрті тіркелген. Қызыл жалынды құтқарушылар әуе патрулі арқылы анықтаған. Өрт дер кезінде оқшауланды. Ал Бурабай ауданындағы ірі өртті сөндіруге 150-ден астам адам, арнайы техника мен тікұшақ жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ. Дегенмен Бурабай орманын оттан қорғау үшін туристер жиі баратын бірқатар нысан уақытша жабылды.
МЕРЕКЕ ЖҮНІСОВ, «БУРАБАЙ» МҰТП ОРМАНДЫ ПАЙДАЛАНУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
— Аумағы 1,2 гектар болатын 9 жерде орман өртене бастаған. Ерте анықтау жүйесі арқылы белгілі болды. Қазір ұлттық паркте өрт қаупі жоғары. Осыған байланысты Көкшетау және Бөлектауға шығуға 20 тамызға дейін тыйым салынды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал