Ақтөбе облысында ауызсу біртіндеп шешіліп келеді. Қайтарылған активтер есебінен 5 миллиард теңге бөлінді. Бұл қаржы Сарыбұлақ жер асты су кен орнынан су тартатын жаңа құбыр салуға жұмсалады. Осылайша жоба Ақтөбедегі үш шағын ауданды сумен қамтиды. Алға және Мұғалжар аудандарының тұрғындары да ауызсумен қамтылады. Сарыбұлақ кен орны облыс орталығынан 56 шақырым жерде орналасқан. Мұнда 20 артезиан ұңғымасы бұрғыланып, жабдықталады. Сондай-ақ топтық су құбыры салынып, тұрғын алаптарына су желілері тартылады. Жоба толық іске қосылғанда тәулігіне 70 мың текше метрге дейін қосымша су беруге мүмкіндік туады.
АРЫСҰЛАН АЙТБАЕВ, ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҮКШ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫ:
— Жоба іске қосылғанан кейін Ақтөбе қаласына тәулігіне қосымша 25 мың текше метр ауызсу беріледі. Соның арқасында қаладағы су көздеріне түсетін жүктемені азайтуға және жаңа тұрғын аудандарды тұрақты ауызсумен қамтамасыз етуге мүмкіндік туады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.