Jibek Joly арнасында саяси партия өкілдерінің қатысуымен командалық дебат өтеді

Бүгін сағат 20:00-де Jibek Joly телеарнасында Құрылтай сайлауына қатысатын жеті саяси партияның өкілдерінің қатысуымен алғашқы командалық телевизиялық дебат өтеді.
Тақырыбы: Заң мен тәртіп – әділетті Қазақстанның негізі. Эфир барысында сайлауалды бағдарламаларға талдау, көрермендердің өткір сұрақтарына жауаптар, партиялар өкілеттік мерзімі ішінде орындауға міндетті бір нақты уәде ұсынылады.
Айта кетейік, кеше телеарнаның тікелей эфирінде жеребе тарту рәсімі өтіп, партия өкілдерінің пікірсайыста сөз сөйлеу реті анықталды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал