5 пластик бөтелке – 1 балмұздақ: Қарағандыда ерекше акция өтті

Қарағандыда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ерекше шара өтті. Таңертеңнен бастап Жеңіс саябағында ұзын-сонар кезек пайда болды. Тұрғындар қолдарына пластик бөтелкеге толы пакеттер, қораптар, тіпті қаптар көтеріп келді. Ең қызығы, олардың барлығы бұл пластикті балмұздаққа айырбастады. Акция шарты бойынша 5 пластик бөтелкеге – бір балмұздақ, 10 бөтелкеге – хайуанаттар бағына немесе балалар теміржолына билет, ал 50 бөтелкеге киноға билет берілді. Сондықтан көптеген қарағандылық пластик бөтелкелерді алдын ала бүкіл отбасымен жинаған.
Алдымен ұйымдастырушылар бөтелкелерді қабылдап, санап шықты. Кейін қатысушыларға арнайы купондар табысталып, оларды сыйлықтарға айырбастауға мүмкіндік берілді. Дегенмен акцияның ең басты нәтижесі қаланың тазалығына үлес қосу болды.
РАХАТ РАЙЫМБЕКОВ, ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Бүгін шамамен 8 мың балмұздақ пен 700-800 билет таратамыз. Жиналған пластик бөтелкенің барлығын өңдейтін компанияға тапсырамыз. Олар қайта өңдеп, екінші рет пайдалануға жарамды өнімге айналдырады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал