Өскеменде Орталық Азиядағы тұңғыш электромобильді сертификаттау орталығы ашылды. Ауқымды жоба Президенттің тапсырмасымен қолға алынып отыр. Автокәсіпорындарға қажет маман жергілікті Лу Бань шеберханасында оқытылады. Оларға электрокарлар мен күштік қондырғыларды күту технологиясы үйретіледі. Тәлімгерлер Қытайдың жетекші автохолдингтерінде үш жылдан астам уақыт бойы тағылымдамадан өткен. Дәл қазір Өскемен техникалық университетінде пилотсыз көлік сынақтан өткізілуде. Әзірге бұл – тәжірибелік модельдер. Болашақта сериялы өндіріске енуі мүмкін. Қазақстанда жасыл көлікке сұраныс жоғары. Бүгінде еліміздің автожолдарында 24 мыңнан астам электромобиль жүр. Бір жыл ішінде олардың қатары 55% артқан.
АНАСЫР МЕЙРАШЕВ, ЛУ БАНЬ ШЕБЕРХАНАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
— Бізге барлық ақауды дер кезінде түзете алатын білікті мамандар ауадай қажет. Өйткені бұл көліктер біздің нарық үшін әлі жаңа. Үстіміздегі электромобильдер мен гибридтердің біздің қатал климатымызда қалай жұмыс істейтіні әзірге белгісіз. Сол себепті мұндай маманға деген сұраныс күн санап артып келеді
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.