Нұрай ісі: Шерхан Аймаханға сот қандай үкім шығарды?

Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық іске нүкте қойылды. 21 жастағы бойжткенге 35 рет пышақ сұғып өлтірген Шерхан Аймахан «өмір бойына» түрмеге тоғытылды. Қанды қылмыс болған уақыттан тура 8 ай дан кейін сот үкімі шықты. Айыпталушы Шерхан Аймахан қылмыстық кодекстің «Алып қашу», «Сталкинг» және «Аса қатігездікпен адам өлтіру» бабы бойынша кінәлі деп танылды. Сот оны 5 млн теңге материалдық шығын өтеуге міндеттеді. Сондай-ақ 25 млн теңге моральдық залал өндіруді талап етті.
Айта кетейік, жәбірленушінің өкілдері жарыссөзде 10 млрд теңге моральдық зиян өндіруді сұраған, сот олардың бұл талабын ішінара ғана қанағаттандырды. Еске салайық, Нұрай Серікбай 11 қаңтар күні кісі қолынан қаза тапқан еді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал