Мұғалжар ауданындағы жастар қауіпті той кортежін жасады. Әуен жақсы, бірақ тәртіп сақтау керек. Кадрда жолаушылар көлік терезесінен шығып, жүргізушілер рөлді емес, телефон ұстағаны, қауіпсіздік белдігін тақпағаны анық көрінеді. Әлеуметтік желіге жарияланған видеоны полиция мониторинг жасаған. Бейнежазбадағы тәртіп бұзушылардың бәрі анықталды. Көліктері айыппұл тұрағына қойылып, өздері жазаланған.
АЙБЕК БОРАШЕВ, ПД ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Мұғалжар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері кортежге қатысқан көлік жүргізушілері мен жолаушыларының барлығын анықтады. Құқық бұзушылықтардың барлығы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бір көлік арнайы тұраққа қойылды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.