Шымкентте қайтарылған активтер есебінен арнайы мектепке жатақхана салынды

Елге қайтарылған активтердің игілігін бүгінде өңір тұрғындары түрлі бағытта көріп отыр. Мәселен, қайтарылған қаржыға Шымкентте «Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжі» арнайы кешеніне жатақхана салынды. Үш блоктан тұратын 3 қабатты жаңа ғимарат пайдалануға берілді. Биылғы оқу жылынан бастап балалар толық орналасады. «Ерекше балалардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған мекеменің жайлы болуы тәрбиеленушінің өмір сүру жағдайын айтарлықтай жақсартады», — дейді мамандар.
БЕРІК ҚҰРБАНОВ, ПРОКУРАТУРАНЫҢ БАСҚАРМА АҒА ПРОКУРОРЫ:
— Жаңа жатақхана 300 орынға есептелген және заманауи талаптарға толық сәйкес келеді. Мұнда балалардың жайлы тұруы мен сапалы білім алып, жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалған. Бұған дейін 125 орынға арналған ескі ғимаратта 290 бала тұрып келген. Сондықтан бұл нысан тәрбиеленушілердің өмір сүру жағдайын едәуір жақсартып, олардың қауіпсіз әрі қолайлы ортада тәрбиеленуіне мүмкіндік береді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал