Ақтөбедегі «Әсем» жазғы лагерінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасымен «Тазалық – мәдениет белгісі» кешенді іс-шара ұйымдастырылды. Жүзден астам балаға тазалық пен тәртіпті сақтау, табиғатқа ұқыпты қарау қоғамдық мәдениеттің ажырамас бөлігі екені түсіндірілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, басты мақсат – жастардың экологиялық мәдениеті мен азаматтық жауапкершілігін арттыру, қоршаған ортаны қорғауға саналы көзқарас қалыптастыру және белсенді өмірлік ұстанымға тәрбиелеу.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.