Үздіктерге 3 миллион теңге. «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты биыл кімге бұйырды? Бұл гранттың ерекшелігі 14 жастан басталады. Бастысы, үміткер жас ілкімді идея ұсынып, ұтымды жобасымен көзге түсуі керек. Тізімге 30 жас іліккен. Соның бірі – Мөлдір Ахтанқызы.
Мемлекет басшысының Халықаралық жастар күніне арналған құттықтауын ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева оқып берді. «Жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпарды» анықтайтын үздіктер сайысы озық ойлы, отаншыл, білімді әрі еңбекқор азаматтардың басын қосып отыр. Бүгін табысталатын «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты – соның жарқын көрінісі», – делінген құттықтауда. Жастар күніне орай елімізде бірталай ауқымды шара өткен. Бүгінгі жиын – соның бір парасы.
ҚАЙРАТ ҚАМБАРОВ, МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ КОМИТЕТ ТӨРАҒАСЫ:
— Республика бойынша 1,5 мыңға жуық іс-шара ұйымдастырылып отыр. Еліміз бойынша жастардың саны 6 миллионға жуық. Демек, еліміздің 30 пайызын жастар құрайды. Енді осынша жасқа қолдау көрсету – біздің басты бағытымыз.
Жастар мерекесіне жиналған жеңімпаз жастарға грантты министр Аида Балаева табыс етті. Жалпы, 2026 жылы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына 2200-ден астам өтінім түскен. «Бизнес», «Ақпараттық технологиялар», «Ғылым» мен «Мәдениет», «Медиа» бойынша және «Волонтерлік» бағыты.
«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты талантты жастарды қолдау мақсатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2021 жылы тағайындалған. Осы уақыттан бері 153 қазақстандық грант иегері атанды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.