Моана қазақша сөйледі. Алматыда Дисней түсірген танымал мультфильмнің тұсаукесері өтті. Картинаны дыбыстауға отандық өнер және кино саласының танымал өкілдері қатысқан.
Бұл ата-аналар мен балаларға жасалған нағыз тосынсый болды.
Алматыда қазақстандық көрерменге қазақ тілінде Моана туындысы жол тартты. Алғашқы көрсетілімде ересектер қарасы да қалың болды. Өйткені қазақ тіліндегі туындыларға жылдан-жылға сұраныс артып келеді.
Фильмде Моананы әнші Нәзима Жәнібекова қазақша сөйлетсе, Дуэйн Джонсонның кейіпкерін актер Талғат Нұрахметов дыбыстады.
ТАЛҒАТ НҰРАХМЕТОВ, ДУБЛЯЖ АКТЕРІ:
— Араға 5 жыл салып, Моананың әкесінің әнін айтамын деген мүлдем ойымда болмаған. Бірақ, міне, арманым орындалды. Әндер өте қызық. Қымбатты көрірмендерге айтарым, қазақша дубляжды қолдап, осы «Моана» фильмін көруге кеңес беремін.
Жоба ұйымдастырушыларының айтуынша, «Моана» – шытырман оқиғаға толы отбасылық фильм. Туындыда батыл қыздың халқына қайтадан бақ-береке әкелетін саяхат туралы баяндалады.
Айта кетейік, режиссер Томас Каилдың «Моана» атты туындысы бүгіннен бастап бүкіл ел бойынша қалың көрерменге жол тартады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.