ҮКІМ ОҚЫЛДЫ
Кісі қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдың ісіне нүкте қойылды. Сот үкім оқыды. Сонымен жауыздығымен күллі елді дүрліктірген айыпталушы қанша жыл арқалады? Жәбірленушінің өтініші орындалды ма?
ЕҢ ҚАУІПТІ ӨРТ
Алматыдағы ең қауіпті өрт. Өнеркәсіп қоймалары лап етіп жанып, қаланы қою қара түтін тұмшалады. Аптап ыстық пен түк көрінбейтін көк түтін өрт сөндірушілердің жұмысын қиындатып жіберді.
ТРАКТОР ТАСИТЫН ТІРШІЛІК
Су да, құбыр да жоқ. Петропавлдан небәрі 40 шақырым жерде орналасқан Плоское ауылының тұрғындары трактор әкелетін суды күтіп жүр. Кезекке тұрып, бөшкелеп тасиды. Ауызсу мәселесі қашан шешіледі?
ҮЙ ИЕСІЗ БЕ?
Шешілмеген дау. Пәтер иелері ортақ мүлікті кімге сеніп тапсырарын білмей дал. Өзі қожайын бола тұра, үй шаруасын реттей алмау жүйенің олқылығы ма? Енді шатырдан су кетсе кім жөндейді?
«МОАНА» ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙДІ
Бүкіл әлемді тамсандырған «Моана» анимациялық фильмі қазақ тілінде көрерменге жол тартты. Бұл – жай ғана мультфильм емес, батылдыққа, туған жердің тарихын қадірлеуге үндейтін сиқырлы саяхат.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.