Алматы қаласы мен Алматы облысында электр қуаты жаппай өшті. Мамандардың хабарлауынша, мегаполистің 4 ауданы жарықсыз қалған. Ал Алматы облысының 10-ға жуық ауданында электр қуаты сөнді. Бұл туралы «Алатау Жарық Компаниясы» хабарлады. Компания мәліметінше, KEGOC әуе электр жеткізу желілерінде апаттық ажырату болған. Соның салдарынан аймақтық желілерде апатқа қарсы автоматты қорғаныс жүйесі іске қосылған. Бұған Орталық Азияның Біріккен энергетикалық жүйесі тарапынан қуат ағынының күрт артуы себеп көрінеді. Қазір қала көшелерінде кептеліс пайда болып, бағдаршамдар істен шықты. Шымбұлақта қалықтап бара жатқан фуникулер кілт тоқтап қалған. Метро жұмысы да кідірді. Жүйелік оператор ақауды қалпына келтіруге тырысып жатыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.