Шымкентте ер адам ажырасқан әйеліне қышқыл шашып жіберген

Шымкентте әйел адамды бұрынғы күйеуі кездесуге алдап шақырып, үстіне қышқыл төкті. Ол белгіленген уақытта келіскен жерге барған келіншектің бетіне химиялық сұйықтық шашып, оқиға орнынан қашып кеткен. «Тіпті өзіне тимес үшін арнайы киім киіп алған», — дейді жәбірленушінің анасы. Қазір зардап шеккен әйел ауруханада. Бұрынғы ерлі-зайыптының ортақ қызы бар. Ажырасқан соң, бес жыл бойы хабарласпаған ер адам қызының анасы алимент өндіруді талап еткеннен кейін қайта пайда болған. Полиция күдіктіні ұстап, үстінен қылмыстық іс қозғады.
ЕРКЕБҰЛАН ЕРЕЖЕПОВ, ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Анықталғандай, оның бұрынғы күйеуі алдау жолымен кездесуге шақырып, әйелдің үстіне сұйықтық құйып, оқиға орнынан бой тасалаған. Аталған дерек бойынша Полиция департаментімен қылмыстық іс қозғалды. Жедел іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, сол күні Алматы қаласында ұстады. Қазіргі уақытта күдікті ұсталды, қамауға алынды. Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал