Биыл ШҚО-да шаруалардың 155 тонна шөбі жанып кетті

Биыл мамыр айынан бері Шығыс Қазақстан облысында шаруалардың 155 тонна шөбі жанып кетті. Төтенше жағдайлар қызметі оқиға фермерлердің өрт қауіпсіздігін сақтамауынан болғанын айтады. Қалың шөп электр желісіне және тұрғын үйге тым жақын жиналған. Ал алқапта қорғаныс жыралары мен минералдандырылған жолақ жоқ. Мамандардың айтуынша, өңірдегі өрт қаупі әлі де жоғары. Өңірде құрғақшылық орнап, найзағай жиілеген. Осыған байланысты төтенше жағдайлар қызметі дауылды ескерту жариялап, өрт қауіпсіздігі талабын түсіндіріп жатыр.
МАРИНА ЛИСКОВА, ТЖД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— Мая-мая шөп электр желісінен 15 метр, ал ғимарат пен құрылыстан 50 метр қашықтықта болуы тиіс. Егістік алқапта жұмыс істейтін барлық қызметкер өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқамадан өтуі қажет. Ал пайдаланылатын техника міндетті түрде өрт сөндіргішпен жабдықталуы керек. Кейде осы қарапайым ережені фермерлер сақтамай жатады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал