Алматыда ауыр дертке шалдыққан балаларға арналған паллиативтік бөлімше ашылды

Алматыда алғаш рет балаларға арналған паллиативтік бөлімше ашылды. Ол 15 орынға есептелген. Мұнда өмірінің алғашқы күнінен бастап 18 жасқа дейінгі ауыр созылмалы, онкологиялық, неврологиялық және сирек кездесетін ауруларға шалдыққан балаларға көмек көрсетіледі. Бөлімшеде Үйдегідей жайлы орта қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінген. Ата-аналар баласының жанында болып, оған тамақ әзірлеп, өздері күтім жасай алады. Тіпті мұндағы палаталар нөмірмен емес, гүлдердің атауымен аталады.
ОЛЕСЯ ПАНКОВА, №2 БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ПБ МЕҢГЕРУШІСІ:
— Мұнда балаларға медициналық көмектен бөлек, психологиялық және әлеуметтік қолдау да толық көрсетіледі. Негізгі қағидат – барлық маманның бірлескен, мультидисциплинарлық жұмысы. Әр палата оттегі беру жүйесімен, өкпені жасанды желдету аппаратымен, монитормен, инфузоматпен, штатив, аспиратормен жабдықталады. Баланың диагнозына қарай реаниматолог, реабилитолог, емдік дене шынықтыру нұсқаушысы, психолог, әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал