Ал қазақстандықтар бір жылда сұлулыққа 127 миллиард теңге жұмсаған. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, оның жартысынан астамы, яғни 67 миллиард теңгесі шаштараз қызметіне тиесілі. Бір жылда бұл көрсеткіш 5,3% өскен. Ал маникюр, педикюр секілді косметикалық қызметтерге 7,5 миллиард теңге жұмсалған. Сұлулық салондарының өзге қызметтерінен түскен табыс – 52 миллиард теңге. Сәнге деген сұраныс ауылда да артып отыр: былтыр ауылдардағы шаштараз қызметтерінің көлемі 34 млрд теңгеге жеткен. Әдемілікке ұмтылған сайын шығын да көбейіп жатыр. Салон қызметтерінің бағасы 54 ай бойы тоқтаусыз қымбаттаған.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.