Sarap клубы партиялардың бағдарламаларын талдап, ұсыныстарын әзірледі

Қазақстандық қоғамдық даму институтының Sarap клубы Құрылтай сайлауына қатысатын саяси партиялардың бағдарламаларын талдап, өз ұсыныстарын әзірледі. Сарапшылар азаматтардың өмір сапасы мен әлеуметтік жағдайына қатысты өзекті мәселелерге назар аударды. Атап айтқанда, сапалы білім мен медициналық қызметтің қолжетімділігі сөз болды. Мамандардың пікірінше, сайлауалды бағдарламалардағы уәделерден бөлек, олардың нақты орындалу тетіктеріне де мән беру қажет. Себебі халық үшін ең маңыздысы – айтылған бастамалардың іс жүзінде жүзеге асуы.
НАЗГҮЛ МАҚЖАН, ӘКІМДІК ЖАНЫНДАҒЫ ӘІОДС КОМИССИЯ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Саяси партиялардың ұсынып жатқан бағдарламаларын талдап, сараптап, олардың әлеуметтік саясатқа, қазақстандықтардың күнделікті өміріне қалай ықпал ететінін талқылап, оларға ұсыныс ретінде береміз.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал