Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді. Қазақстанның батысы мен Қызылорда облысын қоспағанда, елдің барлық өңірінде нөсер жауып, бұршақ болады. де болады. Синоптиктердің хабарлауынша, бұл аймақтарда құрғақ ауа райы сақталады. Түнде және таңертең батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте және орталық өңірлерде тұман түседі деп болжануда.
АРУЖАН МҰРАТОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Тек еліміздің батысында және Қызылорда облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.