САЛҒЫРТТЫҚ САЛДАРЫ
155 тонна шөп күлге айналды. Шығыстағы шаруалар қысқы мал азығынан қалай айырылып жатыр? Мая-мая шөп электр желісінен қанша метр, ал ғимараттан қанша қашықтықта жиналуы тиіс? Мамандар түсіндіреді.
ҚЫШҚЫЛ ШАШТЫ
Алимент дауы қайғылы жағдайға ұласты. Шымкентте ажырасқан әйелін алдап шақырған ер адам қышқыл шашып жіберген. Бес жыл бойы із-түзсіз кеткен тұрғынның бұл қылығы алимент төлеуден жалтару болды ма?
SHAIQAS 2026
Қарапайым дрон емес, нағыз темір құбыжық. Ақмола облысындағы Shaiqas-2026 чемпионатында мықтының мықтысы анықталып, тактика мен робототехника жарысы көрерменді тамсандырды.
ӨНЕРДЕ ШЕКТЕУ ЖОҚ
Көрермен жүрегін нотамен тербеп, Лондонды тамсантты. Тумысынан зағип қазақстандық жас пианист Абылай Мұстафин Корольдік музыка академиясының Гран-приін ұтып алып, әлемді өнерімен бағындырды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.