Астанада аулада ойнап жүрген бала тоққа түсіп қалды

Астанада оқыс оқиға болды. Тұрғын үй кешенінің ауласында ойнап жүрген бала тоққа түсіп қалды. Қазір ол екінші балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайы ауыр. Қажет медициналық көмек көрсетілуде. Біз жоғары кернеулі кабельді ашық қалдырған кім екенін анықтауға тырыстық. Тұрғындардың айтуынша, аулада жалаңаш тоқтың жатқанына біраз болған. Жауапты құрылыс компаниясына тоқтың қауіпті екені ескертіліп, оны оқшаулау қажеттігі бірнеше мәрте айтылған. Алайда құрылыс мекемесі бұл өтінішке енжар қараған көрінеді. Бар болғаны сырты жалаңашталып қалған кабельді жерге көме салған. Міне, енді осы енжарлықтың соңы қайғылы жағдайға әкеліп отыр. Оқиға ізімен қылмыстық іс қозғалды. Мәселенің мән-жайы тергеліп жатыр.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал