Қарағанды облысында дала өрті өршіді. Тілсіз жау Шет, Ақтоғай, Бұқар жырау және Қарқаралы аудандарында тұтанған. Айталық, Қарқаралы ауданындағы өрттен екі адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді. Олардың денелерінің 10-20 пайызын күйік шалған. Зардап шеккендер өртті сөндіруге ерікті ретінде қатысқан. Дала өртін ауыздықтауға 620 құтқарушы мен 134 техника жұмылдырылды. Астанадан тағы 200 әскери көмекке жөнелтілді. «Қазір алты ірі өрт ошағы оқшауланды, тағы төрт учаскеде белсенді сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр», — дейді төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері.
ЕРКІН ОТАРҒАЛЫМҰЛЫ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Өрттің толық сөнуі әртүрлі жағдайға байланысты. Барлық күш құралымыз жұмыс істеп, өртті толық сөндіргеннен кейін де бұталардың тамыры, сондай-ақ жануарларының тіршілік әрекетінен қалған қалдықтардың бықсып жану қаупі сақталады. Олар желдің екпінімен алыс қашықтықтарға таралып, жаңа өрт ошақтарының пайда болуына себеп болуы мүмкін.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.