Өскемен жылу электр орталығында жаңа энергоблок салынады

Өскеменде жылу мен электр энергиясы тапшылығы жойылады. Қаланың негізгі жылу электр орталығында қосымша энергоблок – қазандық пен турбинаның құрылысы басталды. Станцияны жаңғырту жұмыстары 2030 жылға дейін жүргізіледі. Бұл желіге 300-ден астам жаңа көпқабатты үй қосылады. Бүгінде облыс орталығының шағын аудандарына 280 гигакалориядан астам жылу энергиясы жетіспейді. Еліміздің басқа да жылу электр орталықтарында ауқымды жөндеу жұмыстары жоспарланған. Биыл ел бойынша 10 энергоблок, 63 қазандық және 39 турбина жөндеуден өтті.
ЕРЛАН АҚКЕНЖЕНОВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ:
— Жаңа энергоблок экологиялық заңнамада белгіленген барлық талапқа сай болады. Атап айтқанда, қалдық газдарды тазарту, көмір жағудан кейінгі сүзгілеу жүйелері қарастырылған. Сондай-ақ электр энергиясын өндіру кезінде қолданылатын технологиялар критикалық және аса критикалық параметрлерге сәйкес келеді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал