Түркістан облысында қаржылық мониторинг агенттігінің өкілі болып танысып, ақша бопсалаған алаяқтар ұсталды. Жалған қызметкерлер бір медициналық ұйымды тексеріп, қыруар заңбұзушылықты анықтайды. Осыдан кейін қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп қорқытады. Бірақ кемшілікке көз жұма қарау үшін 15 млн теңге ауызбастырғы сұраған. 5 млн теңгені алғаннан кейін алаяқтар қалған 10 млн теңгені беруді талап еткен.
ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Осы жылғы 8 тамызда оларды Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері Агенттіктің Өзіндік қауіпсіздік департаментімен бірлесіп, қылмыс үстінде ұстады. Сот сыбайластарға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Тергеу жалғасып жатыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.