25 тамыздан бастап электросамокат жүргізудің жаңа ережелері күшіне енеді. Енді құралдың бұл түрімен тротуар, жаяу жүргіншілер жолымен жүруге тыйым салынады. Тек рұқсат етілген арнайы жолдар мен учаскелерді пайдалану қажет. Самокатқа екі адам мінгесуге де болмайды. Құралды тротуардың ортасына, жүріс бөлігіне, веложолға немесе автокөлікке арналған тұрақ орнына қалдыруға тыйым салынады. Бұған дейін жалға берілетін электросамокаттарға тіркеу нөмірі берілген болатын. Сонымен қатар көліктің бұл түрін пайдаланушылар үшін сақтандыру полисі міндеттелді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.