25 тамыздан бастап алимент аударудың жаңа тәртібі күшіне енеді

Тамыздың 25-інен бастап Қазақстанда алиментті аударудың жаңа тәртібі күшіне енеді. Енді алимент қаражаты тек арнайы банк шотына аударылады. Ол үшін өндіріп алушы сот орындаушысына есеп шот дерегін ұсынуы қажет. Мұндағы мақсат – балаға немесе еңбекке жарамсыз адамға арналған қаражаттың сақталуын қамтамасыз ету. Қазір ел бойынша 12 мыңнан астам адам алимент төлеуден қасақана жалтарып жүр. Олардың жалпы берешегі 18 млрд теңгеден асып кеткен. Баласынан бас тартқандардың басым бөлігі ер адамдар болса, олардың ішінде 7 мыңнан астам әйел де бар. Орындауда тұрған жалпы алимент істерінің саны 288 мыңнан асады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал