Қазақстанда инвестициялық дауларды сотқа дейін реттеудің жаңа тетігі құрылды

Қазақстанда инвестициялық дауларды сотқа дейін реттеудің жаңа тетігі құрылды. Бас прокуратураның Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті жанынан инвесторлар мен мемлекеттік органдар арасындағы дауларды сотқа дейін реттеу жөніндегі комиссия құрылды. «Жаңа тетік инвестициялық жобаларды іске асыру барысында туындайтын келіспеушіліктерді сотқа жүгінбей шешуге мүмкіндік береді», — дейді мамандар.
БАУЫРЖАН ЕРАЛЫ, БАС ПРОКУРАТУРАНЫҢ КОМИТЕТ ТӨРАҒАСЫ:
— Әрбір нақты кейс бойынша істің мән-жайы ескеріледі. Комиссияның құрамына бес лауазымды тұлға кіреді. Оның ішінде инвесторлардың құқықтарын қорғау Комитеті, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Сыртқы істер министрлігінің инвестициялар Комитетінің өкілдері бар. Айта кететін маңызды жайт, комиссияға тек инвесторлар ғана емес, мемлекеттік органдар мен инвестициялық прокурор да жүгіне алады. Бұл даудағы тараптар арасында диалог орнатып, өзара тиімші шешім іздеуге мүмкіндік береді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал