Биыл елімізде 380 мыңнан астам бала мектеп табалдырығын аттайды. Олардың 296 мыңға жуығы мемлекеттік, ал 23 мыңға жуығы жекеменшік мектептерде білім алады. Қала мектептеріне шамамен 191 мың, ауылдық мектептерге 128 мың бала қабылданды. Сондай-ақ білім беру ұйымдарына ерекше білім беру қажеттіліктері бар 4 мыңға жуық бала тіркелген. Бірінші сыныпқа баратын ең көп бала үлесі Түркістан облысы, Алматы облысы, Астана, Алматы және Шымкент қалаларына тиесілі.
Еске сала кетейік, егер балаңызды мектепке тіркеп үлгермесеңіз, өтініштер 31 тамызға дейін қабылданады. Құжаттарды eGov.kz, eGov Mobile арқылы немесе таңдаған мектепке тікелей тапсыруға болады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.