Ақтөбеде мектеп автобустарының техникалық жағдайы тексерілді

Ақтөбеде жаңа оқу жылы қарсаңында мектеп автобустарының техникалық жағдайы тексерілді. Мамандар көліктердің оқушы тасымалдауға дайындығын және белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалады. Мәселен, мектеп автобусының кемінде екі есігі болуы керек. Көлікте «Балаларды тасымалдау» деген шаршы пішінді арнайы белгі және басқа да міндетті жабдықтар болуы тиіс. Бүгінде облыс мектептерінің балансында оқушы тасымалдайтын 142 автобус бар. Полиция өкілдерінің айтуынша, талапқа сай келмейтін автобус рейске шығарылмайды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал