Солтүстік, орталық және батыс өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

Елімізде алдағы күндері ауа райы күрт құбылады. Қазгидромет осыған байланысты дауылды ескерту жариялады. Солтүстік, орталық және батыс өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ түсіп, қатты жел соғуы мүмкін. Ал Түркістан облысының батысында шаңды дауыл күтіледі. Маңғыстау облысында да жел күшейеді. Қызылорда және Атырау облыстарында төтенше өрт қаупі сақталады. Батыс өңірлерде жауын-шашынға қарамастан, күн ыстық болады. Ауа температурасы +38 градусқа дейін көтеріліп, Маңғыстаудың жекелеген аудандарында +41 градусқа жетеді. Ал солтүстікте күн біртіндеп салқындап келеді. Өңірде ауа райы 22 градустан ыстықтан аспайды.
АРУЖАН МҰРАТОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Тек еліміздің оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде түнде және таңертең тұман түседі. 19-20 тамызда солтүстік облыстарда, 20 тамызда Қазақстанның орталығында қатты жаңбыр жауу болжамы бар.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал