Ұлдана Мырзуанның ісі: ОСИ төрағасы сот алдында жауап беріп жатыр

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында үстіне көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті құлап, қаза тапқан жедел жәрдем фельшері Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот процесі басталды. 5 адам зардап шегіп, оның біреуі мерт болған оқиға былтыр қараша айында болған еді.
АЙЗАТ ТҰРҒЫНБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
— Айыпталушы орындығында бір ғана адам – Мүлік иелері бірлестігінің төрағасы Сәуле Жұбаниязова. Яғни сол апат болған үйдің ОСИ басшысы. Оған Қылмыстық Кодекстің 254-бабы «Өз міндетіне салғырт қарау» бойынша айып тағылып отыр. Төраға бұл қызметке небәрі 6 ай бұрын ғана келген. Соған қарамастан апаттың алдын алуы керек еді. «Тергеу ісіне айтарымыз жоқ», — дейді адвокат Нұрсұлтан Орынбеков.

НҰРСҰЛТАН ОРЫНБЕКОВ – ЗАҢГЕР:
— Сотқа дейін тергеумен таныстық. Тергеуге көңіліміз толады. Қазіргі таңда міндеттеріне адал қарамау бабы бойынша іс қозғалып отыр. Біз кінәлі адамды тапсын деп арыз жаздық. Тергеу анықтады.
Бұл істе Ұлдана Мырзуанның анасы Сәлима Ершанқұлқызы мен күйеуі Әділеттен басқа, сол апатта зардап шеккен тағы үш жәбірленуші бар. Бірақ Әділеттің адвокаты оның бұл мәртебеден бас тартатынын айтты.
Бүгінгі сотқа жалғыз айыпталушы Сәуле Жұманиязованы қолдап бір топ әріптесі келді. Олардың барлығы – ОСИ төрағалары. Дегенмен бұл жағдайға нақты кімнің кінәлі екендігін сот шешеді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал